АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін 6 926 дәрілік зат ЕАЭО ережесіне сәйкес келтірілуге тиіс. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
2024 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша барлығы ЕАЭО қағидаларына сәйкестікке келтіруге 736 өтініш берілді, бұл 16,4 %-ды құрайды.
Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды тіркеу дерекнамасын ЕАЭО қағидаларына уақтылы сәйкестікке келтіру мақсатында мынадай жұмыстар жүргізуде:
ЕАЭО қағидаларына сәйкестендіру үшін сараптамалық жұмыстарды жүргізу мерзімдерін жеделдету (70 жұмыс күніне дейін);
Отандық тауар өндірушілер үшін ЕАЭО қағидалары бойынша сараптамалық жұмыстардың құнын90 %-ға дейін төмендету;
ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар сараптамасы бойынша Портал әзірленіп іске қосылды;
ЕАЭО қағидаларына сәйкес келтіру бойынша бизнеске консультация беру үшін call-орталық құрылды (тел. 8-800-080-0071);
Отандық тауар өндірушілер және шетелдік өндірушілерден ЕАЭО қағидаларына сәйкес келтіру графигі бекітілді;
апта сайын өтініш берушілермен кездесулер өткізіледі;
ДЗСҰО сайтында ЕАЭО қағидаларына сәйкес келтіру жөніндегі алгоритмі бар толық ақпарат жарияланды;
ДЗСҰО ақпараттық жүйесінің базасында дәрілік заттарды тіркеу дерекнамасын XML форматына көшіру функционалын интеграциялау жүргізілуде.
Сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар"" АҚ-мен бірлесіп, электронды үкімет шлюзіне қатыспай-ақ сілтеме түрінде қосудың балама әдісін ұсынды.