АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. Республика күні қарсаңында қазақстандық әртістер Минскіде өнер көрсетті.
Абай облысының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының ұжымы концерт беріп, көрермендерді тәнті етті. Олар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші және композитор Айбек Бекбосынов, Мәдениет үздігі Нұрбек Өмірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, сондай-ақ "Дала Сазы" этно-фольклорлық ансамблі.
"Іс-шара қазақ өнері мен мәдениетін насихаттауға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. Беларусьтегі қазақ диаспорасы өкілдерінің, өнер зерттеушілерінің, музыканттардың және қала тұрғындарының алдында "Дала Сазы" ансамблі қазақ халық әндері мен күйлерін орындады", - деді Абай облысының әкімдігі.
Ең бастысы, көрермендер қазақ халқының ұлттық өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды, деп атап өтті әкімдік.