https://sputnik.kz/20241020/qazaqstandyq-artister-minskide-oner-korsetti-47964262.html
Қазақстандық әртістер Минскіде өнер көрсетті
Қазақстандық әртістер Минскіде өнер көрсетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. Республика күні қарсаңында қазақстандық әртістер Минскіде өнер көрсетті. 20.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-20T12:35+0500
2024-10-20T12:35+0500
2024-10-20T12:35+0500
театр
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/13/47960965_0:112:1080:720_1920x0_80_0_0_75f1c05618838ab0b204a83b73cdfc75.jpg
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. Республика күні қарсаңында қазақстандық әртістер Минскіде өнер көрсетті. Абай облысының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының ұжымы концерт беріп, көрермендерді тәнті етті. Олар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші және композитор Айбек Бекбосынов, Мәдениет үздігі Нұрбек Өмірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, сондай-ақ "Дала Сазы" этно-фольклорлық ансамблі. "Іс-шара қазақ өнері мен мәдениетін насихаттауға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. Беларусьтегі қазақ диаспорасы өкілдерінің, өнер зерттеушілерінің, музыканттардың және қала тұрғындарының алдында "Дала Сазы" ансамблі қазақ халық әндері мен күйлерін орындады", - деді Абай облысының әкімдігі. Ең бастысы, көрермендер қазақ халқының ұлттық өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды, деп атап өтті әкімдік.
https://sputnik.kz/20241017/araga-66-zhyl-salyp-abay-operasy-maskeudegi-ulken-teatrda-qaytadan-korsetildi-47894528.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/13/47960965_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_65758b1c9643fc46b1fc787126b75285.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
театр, ресей
Қазақстандық әртістер Минскіде өнер көрсетті
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. Республика күні қарсаңында қазақстандық әртістер Минскіде өнер көрсетті.
Абай облысының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының ұжымы концерт беріп, көрермендерді тәнті етті. Олар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші және композитор Айбек Бекбосынов, Мәдениет үздігі Нұрбек Өмірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, сондай-ақ "Дала Сазы" этно-фольклорлық ансамблі.
"Іс-шара қазақ өнері мен мәдениетін насихаттауға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. Беларусьтегі қазақ диаспорасы өкілдерінің, өнер зерттеушілерінің, музыканттардың және қала тұрғындарының алдында "Дала Сазы" ансамблі қазақ халық әндері мен күйлерін орындады", - деді Абай облысының әкімдігі.
Ең бастысы, көрермендер қазақ халқының ұлттық өнерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды, деп атап өтті әкімдік.