Шерзат Полаттың өлімі: тағы бір күдікті ұсталды

4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіріп кеткен болатын
Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Алматы облысында Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, Ш.Полатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында 17 қазанда тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. 12 қазанда отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп жіберді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұған дейін мектеп оқушысын өлтіру фактісі бойынша 10 адам ұсталған болатын. Ал үйді өрттеу бойынша 10 адам күдікке ілінді.
Шерзат Полаттың ісі бойынша 10 адам күдікке ілінді – Ішкі істер министрлігі