Қарағандыда аға уәкілетті өкіл бір жарым жылға сотталды

Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қарағандыда сотталған адамды азаптаған аға уәкілетті өкіл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.
Ол Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген.
"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады.
Сотталушы "әділет капитаны" арнайы атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.
Түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарды азаптаған – Бас прокуратура