Қарағандыда аға уәкілетті өкіл бір жарым жылға сотталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қарағандыда сотталған адамды азаптаған аға уәкілетті өкіл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.
Ол Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген.
"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады.
Сотталушы "әділет капитаны" арнайы атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2024
Түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарды азаптаған – Бас прокуратура
Жаңалықтар
0