Астаналық оқушылар егістікті арам шөптен тазалайтын робот ойлап тапты

Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отыр
Sputnik
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Астана қаласындағы БИЛ мектебінің 10-11 сынып оқушылары егістікті арам шөптен тазалайтын робот машина ойлап тапты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салмағы 80 келі тартатын робот KazRobotix деп аталады, ол егістікке қажет емес өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицид дәрісін сеуіп, тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Астаналық оқушылар егістікті арам шөптен тазалайтын робот ойлап тапты
Оқушылар бұл роботты "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экоакциясы аясында бір ай ішінде құрастырған.
Робот бір күнде егін мен ауа райы жағдайына байланысты 4-8 гектар жерді арам шөптен тазарта алады.
Оқушы қыздардың бұл ғылыми жобасы былтыр Enactus халықаралық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды.
Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отырған көрінеді.