https://sputnik.kz/20241017/astanalyq-oqushylar-egistikti-aram-shopten-tazalaytyn-robot-oylap-tapty-47907687.html
Астаналық оқушылар егістікті арам шөптен тазалайтын робот ойлап тапты
Астаналық оқушылар егістікті арам шөптен тазалайтын робот ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отыр 17.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-17T15:29+0500
2024-10-17T15:29+0500
2024-10-17T15:29+0500
робот
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/11/47907967_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_85e3f24c4371ade837143bead1feda22.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Астана қаласындағы БИЛ мектебінің 10-11 сынып оқушылары егістікті арам шөптен тазалайтын робот машина ойлап тапты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Салмағы 80 келі тартатын робот KazRobotix деп аталады, ол егістікке қажет емес өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицид дәрісін сеуіп, тазалық жұмыстарын жүргізеді.Оқушылар бұл роботты "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экоакциясы аясында бір ай ішінде құрастырған.Робот бір күнде егін мен ауа райы жағдайына байланысты 4-8 гектар жерді арам шөптен тазарта алады.Оқушы қыздардың бұл ғылыми жобасы былтыр Enactus халықаралық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды.Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отырған көрінеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/11/47907967_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_95d1a7b4767ac8c08f3d4cc589a98125.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
робот, оқушы
Астаналық оқушылар егістікті арам шөптен тазалайтын робот ойлап тапты
Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отыр
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Астана қаласындағы БИЛ мектебінің 10-11 сынып оқушылары егістікті арам шөптен тазалайтын робот машина ойлап тапты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салмағы 80 келі тартатын робот KazRobotix деп аталады, ол егістікке қажет емес өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицид дәрісін сеуіп, тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Оқушылар бұл роботты "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экоакциясы аясында бір ай ішінде құрастырған.
Робот бір күнде егін мен ауа райы жағдайына байланысты 4-8 гектар жерді арам шөптен тазарта алады.
Оқушы қыздардың бұл ғылыми жобасы былтыр Enactus халықаралық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды.
Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отырған көрінеді.