Шығыс Қазақстанда 600 тоннадан астам шөп өртенді

Құтқарушылар өрттің одан әрі таралуына жол бермей, оны сөндірді
Sputnik
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 600 тоннадан астам шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай Зайсан ауданының Мұқашы ауылында болды.
ТЖМ мәліметінше 2000 бумада жиналған шөп өртенген. Құтқарушылар өрттің одан әрі таралуына жол бермей, оны оқшаулап, сөндірді.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысындағы табиғи өрт сөндірілді