Қарағанды облысындағы табиғи өрт сөндірілді

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиСтепной пожар, архивное фото
Степной пожар, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы табиғи өрт сөндірілді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Қатты екпінді жел мен өрттің ауқымдылығына қарамастан, құтқарушылар 33 мың бас малы бар және 1,5 мыңнан астам адам тұратын 7 елді мекенге және 11 шаруа қожалығына өрттің таралуына жол бермеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖМ құтқарушылар тобы өрттің Егіндібұлақ ауылы аумағындағы Кувский шаруашылығы орман қорының аумағына өтуіне жол бермеді.
Еске сала кетейік, өртті сөндіру кезінде ПЧ-24 аға өрт сөндіруші Хали Хайрат көз жұмған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігі сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Степной пожар на Балхаше - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2024
Павлодар облысындағы өрт сөндірілді
Жаңалықтар
0