АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қайғылы оқиға орын алған Жітіқара ауданына барды. Өңір басшысы қазаға қатысты көңіл айтты және барынша қолдау көрсетуді тапсырды.
Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, әкім жедел кеңес өткізіп, оқиғаның себептерін мұқият тексеру міндетін жүктеді.
Қазіргі уақытта отбасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Балалардың үлкені - 2011 жылы туған жеткіншек зардап шекпеген, отбасы уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз етіліп, материалдық көмек көрсетілетін болады.
Еске салсақ, Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 5 бала көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.