Қарағанды облысында өрттен төрт бала көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневНа печи – чайники, а рядом продукты
На печи – чайники, а рядом продукты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2024
Жазылу
Балалардың қанша уақыт қараусыз қалғанын полиция анықтайды
АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Қарқаралы ауданы Аманжолов ауылындағы жер үйден өрт шығып қараусыз қалған төрт бала көз жұмды.
Қайғылы оқиға 23 ақпанда кешкі сағат 18.00 шамасында болған.
Алдын ала мәлімет, ата-аналары көршілеріне кеткен. Патриот Қарағанды басылымының хабарлауынша, өрт сөндірушлер үйден 4, 3, 2 жастағы үш ұлдың және бір қыздың денесін алып шықты. Қыздың жасы нақтылануда.
Қазір қайғыдан қан жұтқан ата-анаға психологтар көмектесіп жатыр. Балалардың қанша уақыт қараусыз қалғанын полиция анықтайды.
Болжам бойынша өрт пештен шығуы мүмкін. Өрт орнында өртке қарсы қызмет пен полиция жұмыс істеді.
Жаңалықтар
0