ҚТЖ Астана-Көкшетау жолының жабылуына байланысты қосымша вагондар қосты

Қосымша вагондар 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді
Sputnik
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы "Астана-Көкшетау" тас жолының жабылуына байланысты қосымша вагондар шығаруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
11 қазанда ауа райының қолайсыздығына байланысты "Астана-Көкшетау" тас жолы жабылған болатын. Осы ретте "Қазақстан темір жолы" компаниясы барған жерінен шыға алмай қалғандар үшін қосымша вагондарды шығаруға шешім қабылдады.

"Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауда. 2024 жылғы 12 қазанда "Астана-Көкшетау-Астана" бағыты бойынша жүретін №327/328 және №623/624 пойыздарына 13 қосымша вагон қосылды. Бұл шаралар шамамен 600 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.

Ұлттық компания пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге күш салып жатыр.
Айта кетері, "ҚазАвтоЖол" ақылы жолдардағы ауа райы жағдайын онлайн режимде көруге болатынын еске салған болатын.
Ақылы жолдардағы ауа райы жағдайын онлайн көруге болады