АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Жетісу облысында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"8 қазанында Талдықорған қаласының шетінде хабар-ошарсыз кеткен, облыс орталығы тұрғынының мәйіті өз көлігінде табылды", - дейді ведомстводағылар.
Марқұмның Талдықорғанның 47 жастағы тұрғыны екені анықталған. Ер адамды өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберуі мүмкін деген болжам бар.
"Қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүріп жатыр", - дейді полиция.