АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Lenovo басшыларының бірі Ермек Жақыпжанов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы облыстық полиция департаменті 10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылының шетінде 42 жастағы ер адамның денесі табылғанын мәлімдеді.
"Полицейлер адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Жақыпжанов 9 қазан күні таңғы сағат 07:30 шамасында өз көлігімен әдеттегідей жұмысқа шығып кеткен. Содан оралмаған. Еріктілер оны бір тәулік іздеді.
Ермек Жақыпжанов – Lenovo компаниясының Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы мемлекеттік институттармен жұмыс жөніндегі директоры.