Қарағанды облысындағы табиғи өрт сөндірілді

Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы табиғи өрт сөндірілді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Қатты екпінді жел мен өрттің ауқымдылығына қарамастан, құтқарушылар 33 мың бас малы бар және 1,5 мыңнан астам адам тұратын 7 елді мекенге және 11 шаруа қожалығына өрттің таралуына жол бермеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖМ құтқарушылар тобы өрттің Егіндібұлақ ауылы аумағындағы Кувский шаруашылығы орман қорының аумағына өтуіне жол бермеді.
Еске сала кетейік, өртті сөндіру кезінде ПЧ-24 аға өрт сөндіруші Хали Хайрат көз жұмған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігі сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Павлодар облысындағы өрт сөндірілді