АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Бас прокуратура.
"Облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады", - делінген хабарламада.
Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды.
Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.