Екібастұзда синтетикалық өнімдерді шығаратын есірткі зертханасы жойылды

© Photo : КНБ КазахстанаОперация по ликвидации крупного производства психотропных веществ
Операция по ликвидации крупного производства психотропных веществ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының Екібастұз қаласында аталған қаланың екі тұрғыны ұйымдастырған синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталғандардың тұрғылықты жерінде тінту кезінде жалпы салмағы бір келіден асатын альфа-PVP психотроптық заты, Қазақстан және шетел валютасындағы ақша, электронды таразылар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған бірқатар құрылғы мен тиісті құрал-жабдық тәркіленді.
Сонымен қатар, есірткі өндіру үшін пайдаланылған 120 литрден астам прекурсорлар табылып, тәркіленді. Қылмыскерлер жеңіл және қомақты қаражат төленетін жұмыс іздеген курьерлерді пайдаланып, есірткіні аз мөлшерде орап, кейін интернет арқылы сатуды жоспарлаған.
Есірткі зертханасын ұйымдастырып, синтетикалық есірткі өндіргені үшін ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Жыл басынан бері полицейлер 48 есірткі зертханасының қызметін жойды, олардан 250 кг қолдануға дайын синтетикалық есірткі, 2,5 тоннадан астам прекурсорлар және 72 келіден астам каннабис есірткісі тәркіленді. Есірткі бизнесімен айналысатын 11 ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 5 тоннаға жуық марихуана және 420 келі синтетикалық есірткі бар”, - деп хабарлады ведомстводағылар.
Жаңалықтар
0