АЭС құрылысы қашан басталады - үкімет мерзімін атады

Sputnik
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр референдумнан кейін АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте вице-премьер АЭС салу саласындағы халықаралық тәжірибені еске салды.
“Бір жылдай техникалық-экономикалық негіздеме жасайды. Сосын бір-бір жарым жыл жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Бұл - ең қысқа мерзім. Сосын құрылыс жұмыстары басталады”,- деді Скляр.
Оның айтуынша, қауіпсіздік шараларына негізгі басымдық беріледі.
Айта кетері, бүгін орталық референдум комиссиясы нақты нәтижені жариялады. Оған сәйкес, дауыс берген қазақстандықтардың 71,12 проценті АЭС салуды қолдады.
Ал президент Тоқаев Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысына халықаралық консорциумды тарту қажеттігін айтты.