Президент АЭС құрылысы туралы: менің пікірімше, халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек

© Президенттің баспасөз хатшысыҚасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді
Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 қазан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді.
© Президенттің баспасөз хатшысыҚасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді
Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді
Журналистер президентке "Егер референдумның қорытындысы бойынша азаматтарымыз АЭС мәселесін қолдайтынын көрсетсе, оны қай ел салады?" деген сұрақ қойды.
Президент оң шешім шығарған жағдайда Қазақстан үкіметі талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс.

"Бұл күрделі мәселе, менің ойымша, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Қалғанын уақыт көрсетеді", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетері, Түркиядағы Аккую атом электр станциясын да халықаралық консорциум салып жатыр. Атап айтқанда, реакторларды Ресей, турбиналарды Франция, ал автоматиканы Еуропа жеткізеді. Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев те Қазақстанда АЭС салынса, ең қауіпсіз және ең тиімді шешімге басымдық берілетінін айтқан.
Еске салсақ, бүгін қазақстандықтар елде атом электр стансасының құрылысына қатысты маңызды шешім қабылдайды.
Республикалық референдумға бір ғана мәселе шығарылады. Бюллетеньде "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұрақ болады. Оған "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру керек. Ал АЭС салатын компаниялар көрсетілмейді. Себебі атом электр станциясы салына ма, жоқ па, әзірше белгісіз. Оны халықтың таңдауы, яғни алдағы референдум көрсетеді.
Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 12 244 683 адам референдумда өз дауысын беруге құқылы.
Жаңалықтар
0