Түркістан облысында полицейлер такси жүргізушінің көлігін айыптұраққа қойды

Hyundai Elantra автокөлігі иесінің 1,5 миллион теңгеден астам айыппұлды төлемегені белгілі болды
Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Түркістан облысында полиция 1,5 млн теңгеден астам айыппұлды төлемей жүрген жүргізуші әйелді анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Түркістан облысы Ордабасы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау" жүйесінің көмегімен айыппұлын төлемеген Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Яғни "Қорғау" бағдарламасы арқылы борышкердің автокөлігі полиция планшетіне түсті. Осыдан соң полицейлер көлікті Шымкент – Самара тасжолында тоқтатты.
Тексеру кезінде автоледидің жеке тасымалдаумен айналысатыны анықталды. Ал айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты арттырумен байланысты.
Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, Hyundai Elantra автокөлігі иесінің 1,5 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары белгілі болды.
Заң талаптарына сәйкес полиция көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушіге айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірді.
Жылдамдықты жиі асыратын такси жүргізушілері жолаушылар тасымалынан шеттетілуі мүмкін