АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады ТЖМ.
Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
"Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, "Баянауыл" МҰТП 609 адам және 110 бірлік техника, "Қазавиақұтқару" АҚ мен Қорғаныс министрлігінен 4 әуе кемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
С природным пожаром борются в Карагандинской и Павлодарской областях
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізіліп жатыр.
Жалпы 12 учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеуде.
"Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті", - деп толықтырды ведомство.
Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды облысының ТЖД 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысының ТЖД 8 718 2 20 11 12 жедел желі телефондары жұмыс істейді.