https://sputnik.kz/20241007/qaragandy-zhane-pavlodar-oblystarynyn-shekarasyndagy-dala-orti-ali-sondirilgen-zhoq-47653400.html
Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасындағы дала өрті әлі сөндірілген жоқ
Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасындағы дала өрті әлі сөндірілген жоқ
Sputnik Қазақстан
Бір өрт сөндіруші көз жұмды, тағы үшеуін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді 07.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-07T16:06+0500
2024-10-07T16:06+0500
2024-10-07T16:09+0500
өрт
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47651796_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_fb7d258ff412d26c3b7e86cb7406ce6f.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады ТЖМ.Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда."Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, "Баянауыл" МҰТП 609 адам және 110 бірлік техника, "Қазавиақұтқару" АҚ мен Қорғаныс министрлігінен 4 әуе кемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізіліп жатыр.Жалпы 12 учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеуде."Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті", - деп толықтырды ведомство.Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды облысының ТЖД 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысының ТЖД 8 718 2 20 11 12 жедел желі телефондары жұмыс істейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47651796_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1f043c4a59e3c22af6e0baf2664c4054.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт
Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасындағы дала өрті әлі сөндірілген жоқ
16:06 07.10.2024 (жаңартылды: 16:09 07.10.2024) Бір өрт сөндіруші көз жұмды, тағы үшеуін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады ТЖМ.
Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
"Қарағанды және Павлодар облыстары, Астана қаласы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарынан, ТЖМ 52859 әскери бөлімінен, "Баянауыл" МҰТП 609 адам және 110 бірлік техника, "Қазавиақұтқару" АҚ мен Қорғаныс министрлігінен 4 әуе кемесі өртті жою жұмыстарына жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізіліп жатыр.
Жалпы 12 учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істеуде.
"Әуе кемелері өрт ошақтарына 15 рет жалпы көлемі 22 тонна су төкті", - деп толықтырды ведомство.
Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды облысының ТЖД 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысының ТЖД 8 718 2 20 11 12 жедел желі телефондары жұмыс істейді.