Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды

Жаттығулар Алматы облысындағы "Берег" полигонында өтті
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды.
Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бітімгерлік ұжымдық күштер өздеріне жүктелген міндеттерді сәтті орындады. Оқу-жаттығулар барысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бітімгершілік операциясын дайындау және жүргізу мәселелері пысықталды.
"Жаттығулар барысында қорғаныс және басқа да ведомстволар арасындағы іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылды, бұл ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Командно-штабные учения ОДКБ "Нерушимое братство-2024"
ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына БҰҰ бітімгершілік миссияларында тікелей тәжірибесі мен дайындығы бар нұсқаушылар тартылды.
ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бөлімшелері бақылау-өткізу пункттерінде, босқындарды қабылдау пункттерінде бітімгершілік міндеттерін бірлесіп шешіп, аумақты патрульдеу және гуманитарлық көмек көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, 1-5 қазан аралығында "Берег" полигонында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.
"Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығулары
Іс-шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштерінің ұлттық контингенттері, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының жедел топтары қатысты.
Оқу-жаттығуларға барлығы 2000-нан астам әскери қызметші, 500 броньдалған танк жіәне автомобиль техникасы, Ми-17, Ми-35 тікұшақтары, Ил-76 және Си-295 ұшақтары, ұшқышсыз ұшатын аппараттар авиациясы қатысты.