https://sputnik.kz/20241005/qazaqstanda-uqshu-nyn-myzgymas-bauyrlastyq-2024-komandalyq-shtabtyq-oqu-zhattyguy-ayaqtaldy-47601419.html
Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды
Sputnik Қазақстан
Жаттығулар Алматы облысындағы "Берег" полигонында өтті 05.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-05T17:25+0500
2024-10-05T17:25+0500
2024-10-05T17:25+0500
ұқшұ
армия
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/05/47581364_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_9ec985a03f857bf9a7a5953aacd95261.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды.Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бітімгерлік ұжымдық күштер өздеріне жүктелген міндеттерді сәтті орындады. Оқу-жаттығулар барысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бітімгершілік операциясын дайындау және жүргізу мәселелері пысықталды.ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына БҰҰ бітімгершілік миссияларында тікелей тәжірибесі мен дайындығы бар нұсқаушылар тартылды.ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бөлімшелері бақылау-өткізу пункттерінде, босқындарды қабылдау пункттерінде бітімгершілік міндеттерін бірлесіп шешіп, аумақты патрульдеу және гуманитарлық көмек көрсетті.Естеріңізге сала кетейік, 1-5 қазан аралығында "Берег" полигонында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.Іс-шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштерінің ұлттық контингенттері, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының жедел топтары қатысты.Оқу-жаттығуларға барлығы 2000-нан астам әскери қызметші, 500 броньдалған танк жіәне автомобиль техникасы, Ми-17, Ми-35 тікұшақтары, Ил-76 және Си-295 ұшақтары, ұшқышсыз ұшатын аппараттар авиациясы қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/05/47581364_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_27ed21c0444e317065e49786af9db827.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, армия
Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды
Жаттығулар Алматы облысындағы "Берег" полигонында өтті
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды.
Қазақстанның қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бітімгерлік ұжымдық күштер өздеріне жүктелген міндеттерді сәтті орындады. Оқу-жаттығулар барысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бітімгершілік операциясын дайындау және жүргізу мәселелері пысықталды.
"Жаттығулар барысында қорғаныс және басқа да ведомстволар арасындағы іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылды, бұл ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуларына БҰҰ бітімгершілік миссияларында тікелей тәжірибесі мен дайындығы бар нұсқаушылар тартылды.
ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің бөлімшелері бақылау-өткізу пункттерінде, босқындарды қабылдау пункттерінде бітімгершілік міндеттерін бірлесіп шешіп, аумақты патрульдеу және гуманитарлық көмек көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, 1-5 қазан аралығында "Берег" полигонында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.
Іс-шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштерінің ұлттық контингенттері, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының жедел топтары қатысты.
Оқу-жаттығуларға барлығы 2000-нан астам әскери қызметші, 500 броньдалған танк жіәне автомобиль техникасы, Ми-17, Ми-35 тікұшақтары, Ил-76 және Си-295 ұшақтары, ұшқышсыз ұшатын аппараттар авиациясы қатысты.