Астанада "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні" өтті

Экология министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері елорданы абаттандырумен айналысты
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Астанада "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні" өтті.
5 қазанда "Таза Қазақстан" экологиялық науқаны аясында және "Орман шаруашылығы қызметкерлері күні" мерекесі қарсаңында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері мен экобелсенділер ағаш отырғызу акциясын өткізді.
Астанадағы "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні
"Хан Шатыр" сауда үйінің аумағында 100 ағаш (емен, шетен, үйеңкі), Ботаникалық бақта 500 ағаш (алма ағашы, мойыл, ырғай, үшқат, тал) отырғызылды. Шараға 300-ге жуық адам құлшыныспен қатысты", - деп хабарлады экология министрлігі.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері де бүгін өрт сөндіру бекеттерінде ағаш отырғызды.
Қазан айының алғашқы аптасы жасыл сенбілікпен аяқталды. Министр Шыңғыс Арынов бастаған ведомсвтоның орталық аппаратының ұжымы қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды.
ТЖМ қызметкерлері өрт сөндіру бекеттерінің аумағын абаттандырып жатыр
Экологиялық науқан апта сайын өтеді, соның арқасында елордалық өрт сөндіру бекеттерінің аумағына 900-ден астам жас қарағай мен шырша көшеттері отырғызылды.
Маңғыстауда экология талаптарын бұзғандарға 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды