Астанада "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні" өтті

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТЖМ қызметкерлері өрт сөндіру бекеттерінің аумағын абаттандырып жатыр
ТЖМ қызметкерлері өрт сөндіру бекеттерінің аумағын абаттандырып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2024
Жазылу
Экология министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері елорданы абаттандырумен айналысты
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Астанада "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні" өтті.
5 қазанда "Таза Қазақстан" экологиялық науқаны аясында және "Орман шаруашылығы қызметкерлері күні" мерекесі қарсаңында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері мен экобелсенділер ағаш отырғызу акциясын өткізді.
© Photo : Пресс-служба министерства экологии и природноых ресурсов Астанадағы "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні
Всеказахстанский день посадки деревьев в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2024
Астанадағы "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні
"Хан Шатыр" сауда үйінің аумағында 100 ағаш (емен, шетен, үйеңкі), Ботаникалық бақта 500 ағаш (алма ағашы, мойыл, ырғай, үшқат, тал) отырғызылды. Шараға 300-ге жуық адам құлшыныспен қатысты", - деп хабарлады экология министрлігі.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері де бүгін өрт сөндіру бекеттерінде ағаш отырғызды.
Қазан айының алғашқы аптасы жасыл сенбілікпен аяқталды. Министр Шыңғыс Арынов бастаған ведомсвтоның орталық аппаратының ұжымы қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТЖМ қызметкерлері өрт сөндіру бекеттерінің аумағын абаттандырып жатыр
Сотрудники МЧС озеленяют пожарные части Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2024
ТЖМ қызметкерлері өрт сөндіру бекеттерінің аумағын абаттандырып жатыр
Экологиялық науқан апта сайын өтеді, соның арқасында елордалық өрт сөндіру бекеттерінің аумағына 900-ден астам жас қарағай мен шырша көшеттері отырғызылды.
Работа нефтяных станков - качалок - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2024
Маңғыстауда экология талаптарын бұзғандарға 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Жаңалықтар
0