АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қыркүйек айында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының еншілес ұйымы "Қазтеміртранс" АҚ 260 ашық жүк вагонын сатып алды.
Жылжымалы құрам заманауи стандарттар мен техникалық талаптарға жауап береді. Жүк көтергіштігі 70 тоннаға дейін.
"Ашық вагондар астық, көмір және басқа да әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауға арналған, бұл жүк тасымалдарының тиімділігі мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді", - деп жазылған ҚТЖ таратқан хабарламада.
Айта кетері, биылғы жылдың соңына дейін 1000-нан астам жаңа ашық вагон сатып алу жоспарланып отыр.