АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты сол елде жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.
"Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)