Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

ШЫҰ елдері Палестина-Израиль қақтығысына алаңдаушылық білдірді

© PhotoБеларусь официально стала членом ШОС на саммите в Астане
Беларусь официально стала членом ШОС на саммите в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдердің басшылары Астанадағы кездесу бойынша қорытынды декларацияға қол қойды
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары Палестина-Израиль қақтығысындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Астанадағы саммит қорытындысы бойынша қабылданған декларацияға сәйкес Палестина мәселесін әділ шешу негізінде бітімге келу маңызды деп санайды. 

"Ұйымға мүше мемлекеттер Палестина-Израиль қақтығыстарының шиеленісуіне терең алаңдаушылық білдіре отырып, көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдайға әкелген әрекеттерді қатаң айыптайды", - делінген құжатта. 

Көшбасшылар атысты тез арада, толық және тұрақты тоқтатуды, гуманитарлық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақтың барлық тұрғындары үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу бойынша күш-жігерді күшейту қажеттігін атады.
"Ұйымға мүше мемлекеттер Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің жалғыз мүмкін жолы Палестина мәселесін жан-жақты және әділ шешу екенін атайды", - делінген құжатта. 

ШЫҰ саммиті 3 және 4 шілдеде Астанада "Көпжақты диалогты нығайту – тұрақты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" ұранымен өтіп жатыр. Бұл отырыста ұйымға тағы бір мемлекет - Беларусь қабылданды. 

ШЫҰ 2001 жылы құрылған. Қазір оның құрамына 10 мемлекет кіреді: Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан, Өзбекстан және Беларусь.
Жаңалықтар
0