Қазақстанда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет етеді
Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Бүгіннен бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Республикалық референдумды өткізу кезеңінде ІІМ құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
"Мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізіледі. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады", - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет етеді. Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізуге атсалысады.
Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде болады.
АЭС бойынша референдум: 200 шетелдік журналист аккредиттелді