АЭС бойынша референдум: 200 шетелдік журналист аккредиттелді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание ЦИК по подготовке к проведению референдума
Заседание ЦИК по подготовке к проведению референдума - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2024
Жазылу
2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өтеді
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Референдумды 200 шетелдік журналист бақылайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Роман Василенко мәлім етті.
Жалпы, Сыртқы істер министрлігінде 14 елдің 38 бұқаралық ақпарат құралынан 162 шетелдік журналист тұрақты негізде аккредиттелген.
"Бұрын аккредиттелген БАҚ референдумның өту барысын бақылауға құқылы. Сонымен қатар 38 шетелдік журналист референдумға уақытша аккредитация алды. Референдумды барлығы 200 журналист бақылайды", - деді Василенко.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман референдумды 30 елден 177 байқаушы бақылайтынын айтты.
"3 қыркүйекте Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылар үшін аккредитация ашылғаны туралы хабарлады. Аккредиттеу 30 қыркүйекте аяқталды. 30 елден 177 байқаушы аккредиттелді", - деді Ерман.
Оның ішінде 4 ірі халықаралық ұйым:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,
Шанхай ынтымақтастық ұйымы,
Түркі мемлекеттерінің ұйымы,
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес референдумның өту барысын бақылайды.
Аккредиттеу шетелдік БАҚ-қа Қазақстандағы атом электр стансасын салу жөніндегі республикалық референдумды көрсетуге мүмкіндік береді.
Референдум 6 қазанда өтеді. Республика азаматтары "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген бір сұраққа жауап беруі керек.
Жаңалықтар
0