АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Иран Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен теміржол жүк тасымалын цифрландыру саласында көпжақты ынтымақтастық орнатуды көздейді, деп хабарлады сейсенбі күні Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Иранның вице-президенті Мохаммад Реза Ареф.
"ЕАЭО теміржол жүк тасымалының цифрландыру жоспарын бекіту арқылы осы мәселеге назар аударды және "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізіне ие болу Иранның ЕАЭО үшін артықшылықтарының бірі екенін ескерді. Сондықтан біз теміржол тасымалының осы көпжақты ынтымақтастық моделі халықаралық дәлізде жүзеге асады деп үміттенеміз", – деп ILNA ақпарат агенттігі Иран вице-президентінің сөзінен үзінді келтірді.