Иран ЕАЭО-мен тасымалды цифрландыру саласында ынтымақтастық орнатуды көздейді

© Photo : пресс-служба АО "НК "Казахстан темир жолы" Грузовые вагоны
Грузовые вагоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Иран Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен теміржол жүк тасымалын цифрландыру саласында көпжақты ынтымақтастық орнатуды көздейді, деп хабарлады сейсенбі күні Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Иранның вице-президенті Мохаммад Реза Ареф.
"ЕАЭО теміржол жүк тасымалының цифрландыру жоспарын бекіту арқылы осы мәселеге назар аударды және "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізіне ие болу Иранның ЕАЭО үшін артықшылықтарының бірі екенін ескерді. Сондықтан біз теміржол тасымалының осы көпжақты ынтымақтастық моделі халықаралық дәлізде жүзеге асады деп үміттенеміз", – деп ILNA ақпарат агенттігі Иран вице-президентінің сөзінен үзінді келтірді.
Овощи, фрукты. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2024
ЕАЭО-да органикалық өнімдердің ортақ нарығы құрылады
Жаңалықтар
0