Қытайда Алматы қаласының туризм күндері өтеді

Sputnik
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қытайда Алматының туризм күндері өтеді! Іс-шара 14 қазанда Сианда, ал 16 қазанда Бейжіңде ұйымдастырылады.
Мақсат — халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және қаламызға туристер тарту.
Бағдарлама аясында Қытайдың жетекші туроператорлары және әуе компанияларымен келіссөздер, сондай-ақ Алматының бірегей туристік ұсыныстарының тұсаукесері жоспарланған.
Қатысушылар қазақстандық артистердің өнерін тамашалап, қолөнершілердің шеберлік дәрістеріне қатысып, ұлттық тағамдардың дәмін татады. Соңғы күні ірі туроператорлар арасында Алматыда турдың ұтыс ойыны өткізіледі.
Жеңімпаздар "Медеу" мен "Шымбұлақ" сияқты көрнекі орындармен таныса алады.
Қазақстан мен мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі өсті