Қазақстан мен мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі өсті

© Sputnik / Владимир Корнев / Медиабанкке өтуФуры на трассе, архивное фото
Фуры на трассе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен мен Қытай арасындағы автомобиль жүк тасымалының көлемі айтарлықтай өсті, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың халықпен кездесуі барысында тұрғындар жаңа ережелер бойынша шетелдік рұқсат бланкілерін беруге қатысты сұрақтар қойды.
© Photo : Министерство транспорта РККөлік министрлігінің басшысы Қарабаевтың Ақмола облысының халқымен кездесуі
Встреча главы Минтранса Казахстана Карабаева с населением Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Көлік министрлігінің басшысы Қарабаевтың Ақмола облысының халқымен кездесуі
Министр 5-6 қыркүйекте Үрімші қаласында Көлік министрлігі, "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ және ШҰАА көлік департаменті өкілдерінің қағаз бланкілерінен электронды форматқа көшуге қатысты кездесуі өткенін атап өтті.
"Биылғы жылы ҚР мен ҚХР арасындағы автомобиль жүк тасымалының айтарлықтай өсімі байқалып, 2024 жылдың басынан бері 170 000 бланкі алынды", - деді ведомство басшысы.
Мысалы, 2023 жылдың 8 айында 113.000-нан астам бланк пайдаланылды. Екі тараптың техникалық мамандары осы жобаны іске асыру үшін қажетті практикалық іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024 жылдың қарашасында электронды рұқсат бойынша алғашқы тестілеуді өткізуге және 2025 жылдың қаңтарынан бастап рұқсат бланкілерімен электронды алмасу жүйесін іске қосуға келісті.
© Photo : Министерство транспорта РККөлік министрлігінің басшысы Қарабаевтың Ақмола облысының халқымен кездесуі
Встреча главы Минтранса Казахстана Карабаева с населением Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Көлік министрлігінің басшысы Қарабаевтың Ақмола облысының халқымен кездесуі
Сондай-ақ Марат Қарабаев Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайын тексеріп, мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
Өңірдегі орташа жөндеу бағдарламасын кеңейту аясында Көкшетау-Зеренді, Макинск-Ақсу-Торғай және Көкшетау-Омбы сияқты көлік дәліздері жөнделеді.
Зеренді курорттық аймағының дамуын, сондай-ақ Көкшетау-Зеренді учаскесінде қозғалыс қарқыны ұлғаюын ескере отырып, қозғалысты жол белгілерімен реттеу арқылы көліктің 3 жолақты реверсивті қозғалысы құрылғысын орната отырып ұзындығы 47 шақырым учаскені қамтитын жөндеу жұмыстары жоспарланған. Мамандар жұмыстың белгілі бір бөлігіне кірісті. Жұмыстарды толық аяқтау 2025 жылға жоспарлануда.
2025 жылы Көкшетау-Омбы жолының 36 шақырымдық учаскесіндегі жұмыстар да аяқталады. Бұл жол Ресей Федерациясына Солтүстік Қазақстан облысы арқылы шығуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0