АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. НАТО-ның жаңа бас хатшысы Марк Рютте Украинаға қақтығыс алаңындағы жағдай қиындық тудырып отырғанын айтты.
Рютте сейсенбіде Йенс Столтенбергтің орнына НАТО-ның бас хатшысы қызметіне кірісті.
"Егер майдандағы қазіргі жағдай туралы сұрасаңыздар, бұл қиын, күрделі екенін көріп отырмыз", - деді ол.
Рютте бір жағынан Украина Курск облысының аумағына басып кіргенімен, екінші жағынан Ресей "осы жылы қақтығыс даласында біршама ілгеріледі" деп түсіндірді.