https://sputnik.kz/20240927/ukraina-boyynsha-konferentsiya-uyymdastyruga-dayynbyz---erdogan-47400574.html
Украина бойынша конференция ұйымдастыруға дайынбыз - Ердоған
Украина бойынша конференция ұйымдастыруға дайынбыз - Ердоған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Украина бойынша конференция ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА... 27.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-27T16:39+0500
2024-09-27T16:39+0500
2024-09-27T16:39+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
режеп тайип ердоған
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27644961_215:382:2288:1548_1920x0_80_0_0_5b0f1ff0deccb0ed8de52a33008e7ecf.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Украина бойынша конференция ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.Бұған дейін Владимир Зеленский Украина саммиті бойынша Сауд Арабиясы, Қатар және Түркиямен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Ал Анкарадағы дипломаттардың біреуі РИА Новости агенттігіне екінші конференцияның уақыты әлі анықталмағанын хабарлады. Осы орайда талқыланып жатқан жерлердің бірі - Сауд Арабиясы. Түркия президенті Нью-Йорктан қайтар жолда журналистерге сұхбат беріп, Украинада бейбітшілікті орнатуға мүдделі екенін ерекше атап өтті.Оның айтуынша, екі жақ та, басқа қатысушылар да "Түркияның дәл сондай жолмен проблемаларды шеше алатынына сену керек"."Өкінішке қарай, қазіргі кезде оған жақын емеспіз. Алайда біз украиналық жақпен де, ресейлік жақпен де келіссөз жүргізе аламыз. Соны бейбітшілікке жету жолында артықшылығымыз деп санаймыз. Егер осы қиын жолдан өтіп, мақсатымызға жетсек, адамзатқа үлкен көмек жасай аламыз. Екі жақ арандатушылықтардан, қару-жарақ жарысынан, ол жерде адамдар емес, қару сөйлейді, содан бас тартпағанша бейбітшілікке деген сенім нақты формада болмайды. Бірақ біз сол сенімді іздеуді жалғастыра береміз, қайтпаймыз. Біз күш-жігерімізді арттырып, одан да қатты жұмыс істейтін боламыз", - деп атап көрсетті Түркия басшысы.Бұған дейін Мәскеу Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді ұсынған. Ол үшін Киев өз әскерін Ресейдің жаңа аймақтары - ДХР, ЛХР, Херсон мен Запорожье облыстарынан шығаруы қажет. Сондай-ақ, Украина НАТО-ға кіруге қатысты жоспарынан бас тартуы шарт. Владимир Путин осы талаптар орындалса, әскери іс-қимылдар бірден тоқтатылатынын айтқан. Ал Зеленский бұны ультиматум деп қабылдады.Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысына шабуыл жасағаннан кейін Путин екіжақты келіссөздерді бастауға болмайтынын мәлімдеді. Артынан оның көмекшісі Юрий Ушаков президенттің бұған дейінгі бейбітшілікті орнатуға қатысты ұсыныстарды жойылмағанын айтты. Бірақ әзірше Ресей Украинамен сөйлеспейді.Қыркүйекте өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумда Путин Украинамен арадағы келіссөздер Ыстанбұл келісімдері негізінде ғана жүргізілетінін мәлімдеді.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27644961_367:371:2127:1691_1920x0_80_0_0_bd25f39b50aadb78d66ea0e3603c97be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
режеп тайип ердоған, украина
режеп тайип ердоған, украина
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Украина бойынша конференция ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Владимир Зеленский Украина саммиті бойынша Сауд Арабиясы, Қатар және Түркиямен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Ал Анкарадағы дипломаттардың біреуі РИА Новости агенттігіне екінші конференцияның уақыты әлі анықталмағанын хабарлады. Осы орайда талқыланып жатқан жерлердің бірі - Сауд Арабиясы. Түркия президенті Нью-Йорктан қайтар жолда журналистерге сұхбат беріп, Украинада бейбітшілікті орнатуға мүдделі екенін ерекше атап өтті.
"Біз сол конференцияның ішінде болуы дайын екенімізді айттық. Сыртқы істе министрі Хакан Фидан да, біздің барлау қызметіміз де олармен байланыс ұстап отырады. Түркия аймақтағы бейбітшілікті орнатуға өз үлесін қосады деп сенеміз. Бәлкім, біз Украина мен Ресей арасындағы соғыста әділ бейбітшілікті бәрінен де қатты қалайтын мемлекет шығармыз. Соған күш салып келеміз", - деді Ердоған.
Оның айтуынша, екі жақ та, басқа қатысушылар да "Түркияның дәл сондай жолмен проблемаларды шеше алатынына сену керек".
"Өкінішке қарай, қазіргі кезде оған жақын емеспіз. Алайда біз украиналық жақпен де, ресейлік жақпен де келіссөз жүргізе аламыз. Соны бейбітшілікке жету жолында артықшылығымыз деп санаймыз. Егер осы қиын жолдан өтіп, мақсатымызға жетсек, адамзатқа үлкен көмек жасай аламыз. Екі жақ арандатушылықтардан, қару-жарақ жарысынан, ол жерде адамдар емес, қару сөйлейді, содан бас тартпағанша бейбітшілікке деген сенім нақты формада болмайды. Бірақ біз сол сенімді іздеуді жалғастыра береміз, қайтпаймыз. Біз күш-жігерімізді арттырып, одан да қатты жұмыс істейтін боламыз", - деп атап көрсетті Түркия басшысы.
Бұған дейін Мәскеу Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді ұсынған. Ол үшін Киев өз әскерін Ресейдің жаңа аймақтары - ДХР, ЛХР, Херсон мен Запорожье облыстарынан шығаруы қажет. Сондай-ақ, Украина НАТО-ға кіруге қатысты жоспарынан бас тартуы шарт. Владимир Путин осы талаптар орындалса, әскери іс-қимылдар бірден тоқтатылатынын айтқан. Ал Зеленский бұны ультиматум деп қабылдады.
Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысына шабуыл жасағаннан кейін Путин екіжақты келіссөздерді бастауға болмайтынын мәлімдеді. Артынан оның көмекшісі Юрий Ушаков президенттің бұған дейінгі бейбітшілікті орнатуға қатысты ұсыныстарды жойылмағанын айтты. Бірақ әзірше Ресей Украинамен сөйлеспейді.
Қыркүйекте өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумда Путин Украинамен арадағы келіссөздер Ыстанбұл келісімдері негізінде ғана жүргізілетінін мәлімдеді.