АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов балалардың өзіне-өзі қол жұмсау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қадағаушы органның басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырғанын ерекеш атап өтті.
"Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз" – деп жазды Асылов.
Оның айтуынша, прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттап тастады. Сондай-ақ, қазіргі кезде қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс жүргізіліп жатыр.