АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. 2024 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 1,049 трлн теңгеге 76 106 қарыз берілді.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, қалалар арасында ипотека бойынша көшбасшылар:
Астана – 440,6 млрд теңгеге (919,3 млн доллар) 27 728 несие;
Алматы – 245,6 млрд теңгеге (512,4 млн доллар) 15 630 несие;
Шымкент – 71,4 млрд теңгеге (148,9 млн доллар) 5 636 несие.
Естеріңізге сала кетейік, "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының шарттары қандай:
мөлшерлемесі - 7%;
бастапқы жарна – қамтамасыз ету құнының 20 пайызынан;
несиенің максималды сомасы кепіл құнының 80% құрайды;
кепіл – сатып алынған тұрғын үй;
несие мерзімі – 25 жылға дейін.