https://sputnik.kz/20240911/mazhiliste-7-protsenttik-ipoteka-beru-maselesi-koterildi-47000916.html
Мәжілісте 7 проценттік ипотека беру мәселесі көтерілді
Мәжілісте 7 проценттік ипотека беру мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
Оған шамамен 1 трлн теңге қажет болады 11.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-11T15:41+0500
2024-09-11T15:41+0500
2024-09-11T15:42+0500
ипотека
мемлекеттік бағдарлама
тұрғын үй
баспана
жастар
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713673_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f67d7a0e4071d498b2110d6f193d8560.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мәжілістің бір топ депутаты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен 7 проценттік ипотека беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Ерлан Стамбековтың айтуынша, зейнетақы қорының қаржысын тұрғын үй нарығына салса, үстінен түсетін табыс та көп болады. Бүгінде қордағы қаражаттың инвестициялық табысы 3-4 процентті құрап отыр. Ал 7 проценттік ипотекамен халыққа таратқан жағдайда 12-13 проценттік табыс түседі. Сонда ипотека алатын жастар болашақ зейнеткерлердің, яғни, өз ата-анасының ақшасын көбейтеді.Оның айтуынша, 7 проценттік ипотекамен баспана кезегінде тұрған мыңдаған адамның тұрғын үй мәселесін шешуге болады.Осы орайда бір топ депутат үкімет басшысына сауал жолдап, бұл мәселені тағы бір қарап шығуды талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713673_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_72c96b1ef361e94a77ee4bda565f059d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ипотека, мемлекеттік бағдарлама, тұрғын үй, баспана, жастар
ипотека, мемлекеттік бағдарлама, тұрғын үй, баспана, жастар
Мәжілісте 7 проценттік ипотека беру мәселесі көтерілді
15:41 11.09.2024 (жаңартылды: 15:42 11.09.2024) Оған шамамен 1 трлн теңге қажет болады
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мәжілістің бір топ депутаты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен 7 проценттік ипотека беруді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Ерлан Стамбековтың айтуынша, зейнетақы қорының қаржысын тұрғын үй нарығына салса, үстінен түсетін табыс та көп болады. Бүгінде қордағы қаражаттың инвестициялық табысы 3-4 процентті құрап отыр. Ал 7 проценттік ипотекамен халыққа таратқан жағдайда 12-13 проценттік табыс түседі. Сонда ипотека алатын жастар болашақ зейнеткерлердің, яғни, өз ата-анасының ақшасын көбейтеді.
"Осы бастаманы Отбасы банкі арқылы іске асырған жөн. Оған шамамен 1 трлн теңге қажет болады. Ал мемлекет бюджет қаржысын құрылысқа салмай, проценттік мөлшерлемені субсидиялап отырса болды. Оған 50-60 млрд теңге кетеді", - дейді Стамбеков.
Оның айтуынша, 7 проценттік ипотекамен баспана кезегінде тұрған мыңдаған адамның тұрғын үй мәселесін шешуге болады.
Осы орайда бір топ депутат үкімет басшысына сауал жолдап, бұл мәселені тағы бір қарап шығуды талап етті.