АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осындай шаралар арқылы Тәжікстан шаруаларының қазақстандықтарға өз өнімдерін ұсынуы дәстүрге айналып келеді.
Тәжік фермерлері әкелген тауарлардың тізімінде жүзімнің, алманың, алмұрттың және басқа да көкөністер мен жемістердің алуан түрлері бар. Сондай-ақ, қала тұрғындары бал, кептірілген жемістер мен консервілерді, шырындар мен қызанақ, қияр, анзур тау пиязын сатып ала алды.
Жәрмеңкеге Ақмолалық аграршылар да қатысып, 40-тан астам жаңа өнім әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтарына ет өнімдері 2500-2800 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, жергілікті шаруалар балық, картоп және басқа да көкөністерді 100-120 теңгеге, жұмыртқа, бал және ара шаруашылығы өнімдерін, кондитерлік және макарон өнімдерін, сондай-ақ басқа да азық-түлік түрлерін ұсынды.
Ақмола облысындағы жәрмеңкеге Тәжікстаннан 400 тонна өнім әкелінді
Тәжікстандық фермерлердің өнімдері сатылған орындарда тұтынушылар көптеп жиылды.
"Біз жалпы көлемі 400 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 30 түрін әкелдік. Болашақта ел үкіметінің тапсырмасы бойынша біз Ақмола және Қазақстанның басқа да облыстарында осындай жәрмеңкелер өткізетін боламыз", - деп мәлімдеді Тәжікстан үкіметінің жанындағы экспорт агенттігінің директоры Ифтихор Шокиров.
Өнімдер нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылғандықтан, жәрмеңкеге жиылған жұртшылықтың қарасы қалың болды.