https://sputnik.kz/20240928/aqmola-oblysyndagy-zharmenkege-tazhikstannan-400-tonna-onim-akelindi-47417274.html
Ақмола облысындағы жәрмеңкеге Тәжікстаннан 400 тонна өнім әкелінді
Ақмола облысындағы жәрмеңкеге Тәжікстаннан 400 тонна өнім әкелінді
Sputnik Қазақстан
Жәрмеңкеде ет өнімдері 2500-2800 теңгеден сатылды 28.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-28T18:39+0500
2024-09-28T18:39+0500
2024-09-28T18:39+0500
ақмола облысы
жәрмеңке
https://sputnik.kz/img/07e8/09/1c/47416932_0:44:1126:677_1920x0_80_0_0_d2ea2bece15375d10988ffd8fb788c3f.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Осындай шаралар арқылы Тәжікстан шаруаларының қазақстандықтарға өз өнімдерін ұсынуы дәстүрге айналып келеді.Тәжік фермерлері әкелген тауарлардың тізімінде жүзімнің, алманың, алмұрттың және басқа да көкөністер мен жемістердің алуан түрлері бар. Сондай-ақ, қала тұрғындары бал, кептірілген жемістер мен консервілерді, шырындар мен қызанақ, қияр, анзур тау пиязын сатып ала алды.Жәрмеңкеге Ақмолалық аграршылар да қатысып, 40-тан астам жаңа өнім әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтарына ет өнімдері 2500-2800 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, жергілікті шаруалар балық, картоп және басқа да көкөністерді 100-120 теңгеге, жұмыртқа, бал және ара шаруашылығы өнімдерін, кондитерлік және макарон өнімдерін, сондай-ақ басқа да азық-түлік түрлерін ұсынды.Тәжікстандық фермерлердің өнімдері сатылған орындарда тұтынушылар көптеп жиылды."Біз жалпы көлемі 400 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 30 түрін әкелдік. Болашақта ел үкіметінің тапсырмасы бойынша біз Ақмола және Қазақстанның басқа да облыстарында осындай жәрмеңкелер өткізетін боламыз", - деп мәлімдеді Тәжікстан үкіметінің жанындағы экспорт агенттігінің директоры Ифтихор Шокиров.Өнімдер нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылғандықтан, жәрмеңкеге жиылған жұртшылықтың қарасы қалың болды.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/1c/47416932_84:0:1044:720_1920x0_80_0_0_9547e719a1cb045b80cce9c0dad69af6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, жәрмеңке
Ақмола облысындағы жәрмеңкеге Тәжікстаннан 400 тонна өнім әкелінді
Жәрмеңкеде ет өнімдері 2500-2800 теңгеден сатылды
АСТАНА, 28 қыркүйек - Sputnik. Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осындай шаралар арқылы Тәжікстан шаруаларының қазақстандықтарға өз өнімдерін ұсынуы дәстүрге айналып келеді.
Тәжік фермерлері әкелген тауарлардың тізімінде жүзімнің, алманың, алмұрттың және басқа да көкөністер мен жемістердің алуан түрлері бар. Сондай-ақ, қала тұрғындары бал, кептірілген жемістер мен консервілерді, шырындар мен қызанақ, қияр, анзур тау пиязын сатып ала алды.
Жәрмеңкеге Ақмолалық аграршылар да қатысып, 40-тан астам жаңа өнім әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтарына ет өнімдері 2500-2800 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, жергілікті шаруалар балық, картоп және басқа да көкөністерді 100-120 теңгеге, жұмыртқа, бал және ара шаруашылығы өнімдерін, кондитерлік және макарон өнімдерін, сондай-ақ басқа да азық-түлік түрлерін ұсынды.
Тәжікстандық фермерлердің өнімдері сатылған орындарда тұтынушылар көптеп жиылды.
"Біз жалпы көлемі 400 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 30 түрін әкелдік. Болашақта ел үкіметінің тапсырмасы бойынша біз Ақмола және Қазақстанның басқа да облыстарында осындай жәрмеңкелер өткізетін боламыз", - деп мәлімдеді Тәжікстан үкіметінің жанындағы экспорт агенттігінің директоры Ифтихор Шокиров.
Өнімдер нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылғандықтан, жәрмеңкеге жиылған жұртшылықтың қарасы қалың болды.