АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қорған қаласындағы "Кургандормаш" зауыты Қазақстанға қаржы жинауға арналған техниканы жібереді. Бұл туралы кәсіпорын басшысы Юрий Авдалов мәлімдеді.
97 жиынтықтың жалпы құны – 300 миллион рубль (3,1 млн доллар). Техника жылдың аяғына дейін жеткізіледі.
"Кургандормаш" осы жұмысты үш айдың ішінде жасап беруге дайын жалғыз кәсіпорын болып шықты", - дейді Авдалов.
Оның айтуынша, қар жинайтын құрал-жабдықтарды тапсырыс берушінің көліктеріне ыңғайлап жасайды. Ал Қазақстанға алып келгеннен кейін қытайлық жүк көліктеріне орнатады.
Айта кетері, Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылғын техникасын шығаратын зауыт өз өнімін Моңғолияға шығаруға дайын отыр.