Атырауда өртенген пәтерден әйелдің мәйіті табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 қыркүйек - Sputnik. Атырауда өртенген пәтерден 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға Алмагүл шағын ауданында болған. Алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шығып, 74 шаршы метр аумақ жанып кетті.

"ТЖМ қызметкерлері 13 адам құтқарды, оның алтауы бала. Жалпы 54 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала", - дейді ведомстводағылар.

Өрт сөндірілді, бірақ өрт болған жерден 1954 жылы туған әйелдің мәйіті табылды, сондай-ақ марқұмның денесін күйік шалған 1994 жылғы ұлы ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша пәтерге қасақана өрт қойылған.
Маңғыстауда өрт сөндірушілер келгенде жүк көлігі жарылды