Маңғыстауда өрт сөндірушілер келгенде жүк көлігі жарылды

© Sputnik/Ертай СарбасовСейсмотренировка в Алматы
Сейсмотренировка в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында отқа оранған жүк көлігі тура өрт сөндірушілер келген сәтті жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы жарияланды.
Жолдың бойында тұрған жүк көлігі отқа оранды. Өрт сөндірушілер де жетіп келген. Олар су шашатын құбыршектерін шығарып жатқанда көлік жарылды.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға бүгін сағат 12-01-дің кезінде болған. Қоқыс таситын жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына үш шақырым шалғай жерде болған өрт сөндірушілер барды. Олар сағат 12:09-да сол жерде болды.
"Жүк көлігінде 120 литрлік газ баллоны жарылды. Соның салдарынан жақын тұрған "Ақ жол" дүкенінің шынысы жарылды, сондай баннерге зақымдалды. Зардап шеккен адамдар жоқ. Өрт 12:14-те өшірілді", - дейді құтқарушылар.
Айта кетері, Мұнайлы ауданында тағы бір төтенше жағдай болды. Бір мектептен 58 оқушы астан уланды.
Жаңалықтар
0