АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Жұмабаев пен Алмас Наймантаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болды.