Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарларын қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.
Жаңалықтар
0