Алматыдағы лифт шахтасына шетелдік жұмысшы құлап, қайтыс болды

Полиция қылмыстық іс қозғады
Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. Шетелдік жұмысшы Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің лифт шахтасына құлап кетті.
Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді.
"Бұл факті бойынша Алмалы ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның қалай болғаны әлі белгісіз.
Беларусь кәсіпорны Қазақстанға лифт жеткізеді