Беларусь кәсіпорны Қазақстанға лифт жеткізеді

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт, иллюстративное фото
Лифт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Лифт жабдығын жеткізу туралы келісімге "Иннопром.Қазақстан" өнеркәсіптік көрмесі аясында қол қойылды
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Беларусьтік "Могилевлифтмаш" кәсіпорны мен "Қарағандылифт" компаниясы арасында 60 млн рубльге лифт жабдығын жеткізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келісімге қол қою рәсімі Астанада басталған "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында өтті.
"Біз бұрыннан ынтымақтаса жұмыс істейміз. Қазір лифтілерді жеткізу туралы 60 млн рубльге кезекті келісімшартқа қол қойдық. Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі жемісті дамиды деген сенімдеміз", -деді "Могилевлифтмаш" бас директоры Сергей Чертков.
Ал "Қарағандылифт" директоры Салават Кинзибаев компания өзара тиімді жетістіктер күтетінін атап өтті.
"Біз "Могилевлифтмаш"-пен бұрыннан бері жұмыс істеп келеміз. Жұмысымыз сапалы. Келешекте де бәрі жақсы болады деген үміттемін", - деді ол.
Бүгін Астанадағы "ЭКСПО" алаңында "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ашылды. Көрмеге Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьерлері арнайы келді. Айта кетері, "Иннопром" - Ресейдің басты өнеркәсіптік көрмесі, Екатеринбургте 2010 жылдан бері өтеді.
Қазақстан мен Ресей премьерлері Иннопром көрмесін аралап шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьерлері "Иннопром" көрмесін аралап көрді
Жаңалықтар
0